Әлеуметтік желіде Ақтау қаласындағы 17 шағынаудан «Айрақты» ТҮК-нің артындағы құрылыс нысанында түнгі мезгілде тұрғындардың тыныштығын бұзған техника туралы бейнежазба тараған болатын. Осыдан кейін тәртіп сақшылары құрылыс нысанына барып, техникаға жауапты жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ақтау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері көлік жүргізушісіне үш хаттама толтырған.
«Жүргізушіге ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 597-бабы көлiк құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу, 437-бап тыныштықты бұзу және 505-бап қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендердің инфрақұрылымы объектілерін бұзу бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», - деп жазылған полиция департаментінің хабарламасында.