Ақтауда көлігін автобус аялдамасына қойған жүргізушілерге айыппұл салынды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жүргізушілерге шағымданған тұрғынның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланған. Оқиға 31 шағынаудандағы «Сары базар» маңында болған. Полиция қызметкерлері автокөлік жүргізушілеріне әкімшілік хаттама толтырды.
"Автобус аялдамасында автокөліктердің тұрағы үшін жүргізушілер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 597-бабының 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. Қолданыстағы заңнама талаптарын бұзған жүргізушілерге айыппұл салынды. Ақтау қалалық полиция басқармасы жүргізушілерден көлікті арнайы автотұраққа қойып, жол ережелерін қатаң сақтауды сұрайды", - деді қалалық полиция басқармасының өкілдері.