Зардап шеккендердің бірі 20 жаста, екінші жігіттің жасы белгісіз, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облыстық ауруханасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақтау-Құрық тас жолында көлік апатына ұшыраған екі адам 17 сәуір күні сағат 07:30-да ауруханаға жеткізілген.
Зардап шеккендердің екеуі де ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.