Халықаралық ынтымақтастық аясында Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті академиялық ұтқырлық бағдарламасын сәтті жүзеге асыруда. Себебі өңірдің бизнес-үрдістеріне тартылған, оның әлеуметтік-экономикалық өсуін қамтамасыз ете отырып, кадрлық ресурстың қазіргі заманғы талаптарына сәйкес келетін мұнай-газ саласының бәсекеге қабілетті және креативті мамандарын дайындау міндеті тұр.
Білімберу бағдарламалары бойынша білімалушылардың академиялық ұтқырлығы – білім алушыны белгілі бір академиялық кезеңге (семестрге немесе толық оқу жылына) оқуға немесе ғылыми-зерттеуге басқа ЖОО-ға (ішкі немесе шетелде) ауыстыру, алынған білім беру бағдарламаларын міндетті түрде басқа жоғары оқу орнында жалғастыру. Есенов университетінің академиялық ұтқырлығының басты мақсаты – халықаралық стандарттарға сәйкес қазақстандық жоғары білімнің сапасын қамтамасыз ету, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру және білімалушының ой-өрісін кеңейту.
Осы орайда бұл бағдарлама шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында студенттер мен оқытушылардың оқуына және ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуға, іске асыруға тәжірибелік және бағамдық-алмасымдық мүмкіндік береді.
Биыл Есенов университетінің инжиниринг факультетінің «Бұрғылау инжиниринг» мамандығы бойынша 3-курс студенттері Елжан Аркабеков пен Әділ Имантаев мемлекеттік грантпен оқи жүріп, академиялық ұтқырлық конкурсына қатысып, Австрияның Леобен университетіне жолдама ұтып алды.
University of Leoben немесе Montanuniversität Leoben (MUL) – 1840 жылдан жұмысын бастаған Австриядағы мемлекеттік жоғары оқу орны. Университеттің Леобен қаласында орналасқан қалалық кампусы бар.
Леобен университеті Австриядағы ең үздік 20 университеттің, дәстүрлі түрде әлемдегі ең үздік университеттердің 5% қатарына кіреді.
Оқу орны жергілікті және шетелдік азаматтарды қабылдайды. Бұл университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мыңдаған оқытушыдан тұрады. Университет студенттер мен қызметкерлері үшін халықаралық алмасу бағдарламаларына белсенді қатысады.
Академиялық ұтқырлық бағдарламаларымен басқа ішкі немесе шетелдік ЖОО-на бару студенттерге перспективалық мүмкіндіктер мен артықшылықтар береді. Мысалы ғылыми және білім беру саласында жоғары халықаралық деңгейде тәжірибе алуға, білімберу бағдарламасына сәйкес теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларын кеңейтуге, тілдік тәжірибеден өтуге, халықаралық қарым-қатынас жасау, шетелдік тәжірибе алу, достар табу, өзінің көзқарасы мен рухани дамуын арттыру.
«Бұрғылау инжиниринг» кәсіби құзыреттілігі негізгі, базалық және арнайы құзыреттіліктерді қамтиды. Белгілі бір кәсіби қызметтің ерекшелігін базалық құзыреттілік көрсетуге көмектеседі. Ал арнайы құзыреттілік өз кезегінде нақты пәндік немесе кәсіби қызметтің пәндік саласының ерекшелігін көрсетеді. «Бұрғылау инжиниринг» миссиясы: пән саласындағы кәсіби міндеттерді шешу үшін қажетті білімді, ептілікті және дағдыларды меңгерген маманды қалыптастыру болып табылады. БББ пайымы: әлеуетті жұмыс беруші бітірушіге қойылатын кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру. Қазақстанда да, одан тыс жерлерде де мұнай-газ өндіруші компаниялар, ғылыми-зерттеу және жобалау институттары үшін сервистік қызмет көрсету саласында жоғары ақы төленетін жұмыс алу мүмкіндігі.
БББ еңбек нарығының сұраныстарын қанағаттандыра алады, бұл өз кезегінде мамандарды даярлаудың жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
Мұнай-газ саласының тартымдылығы әлі де саладағы еңбекақының бәсекеге қабілеттілігінің тиісті деңгейіне байланысты жоғары.
Мәселен, 2014 жылдан бастап 2018 жылға дейін жұмыскерлер санының үлесі өнеркәсіптегі жалпы саннан 6,7%-дан 7,5%-ға дейін артты. 2019 жылдың басында шикі мұнай және табиғи газ өндіру кәсіпорындарындағы тізімдік саны 47,5 мың адамды құрады. Өңірлік, ең көп саны Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында шоғырланған. БББ ресурстық қамтамасыз ету бакалавриат БББ іске асыру шарттарына қойылатын талаптар негізінде қалыптастырылады. Негізгі білім беру бағдарламасы барлық оқу курстары, негізгі білім беру бағдарламасының пәндері бойынша оқу-әдістемелік құжаттамалармен және материалдармен қамтамасыз етілген. Білім беру бағдарламасын игеру үшін университетте «Ұңғыма өнімдерін жинау, дайындау және тасымалдау жүйесіндегі мұнай-газ жабдықтарын коррозияға қарсы қорғау», «Ұңғымаларды бұрғылау технологиясы», «Бұрғылау және мұнай кәсіпшілігі жабдығы», «Қабаттардың мұнай беруін арттыру техникасы мен технологиясы» оқу-зерттеу зертханалары, мұнай-газ мамандықтарының виртуалды зертханасы бар.
Ақшырын ЖОЛБАСАРОВА,
Есенов университеті мұнайхимиялық инжиниринг кафедрасының доценті