Ақтау қаласының 60 жылдық мерейтойына арналған үздік логотипті анықтау бойынша комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-Бүгінгі комиссия отырысына ұсынылған логотиптер өткен жолғы жұмыстармен салыстырғанда кәсіби жасалған. Сондықтан келесі кезеңге 3 жұмыс ұсынғалы отырмыз. Келесі кезеңде тұрғындар өздеріне ұнаған нұсқаға дауыс беріп, таңдау жасайды. Қаламыздың 60 жылдық мерейтойына арналған логотипті таңдауға баршаңызды шақырамын,- деді қала әкімінің орынбасары Әбілқайыр Байпақов.
Үздік логотип байқауына 54 үміткер өз жұмыстарын ұсынған. Комиссия шешімі бойынша 2-кезеңге 3 жұмыс іріктеліп алынды.
Логотип авторлары - Лианочка Виниченко, Мади Орынбасаров, Жандос Абдибаев.
Ендігі кезең онлайн дауыс беру арқылы жүзеге асады. Айта кетейік, ұсынылған 54 логотип алдағы уақытта толықтай назарларыңызға ұсынылатын болады.