2020 жылы жалпы құны 3,9 млрд теңге болатын 3 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы аймақ басшысы Серікбай Трұмов халыққа есеп беру кездесуінде айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Айтуынша, биыл «Болат құю орталығы» ЖШС өз жұмысын бастайды. Жалпы құны 871 млн теңге болатын өндіріс орны 15 адамды жұмыспен қамтиды.
Ал «PERAPLASTIC SEZ» ЖШС 200 адамды жұмысқа алмақ. Полипропилен қаптамасын өндіретін зауыттың құны – 2,8 млрд теңге.
Жалпы құны 295 млн теңге болатын «Достық-Полимер Плюс» жобасы да биылдан қалмай іске қосылады. Онда полимерлік орам (ыдыс) өндіріледі, сонымен қатар 32 адамға жұмыс орны табылады.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН