Астананың 20 жылдық, Қарақия ауданының 45 жылдық мерекесі қарсаңында Бостан ауылындағы жаңа бөлінген жер телімдеріне су құбырларын салу жұмыстары аяқталып, су сақтау қоймасы іске қосылуына байланысты ашылу салтанаты өтті.
Шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Қ.Әндірұлы, мекеме, бөлім басшылары және ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысты.
Жоба бойынша Бостан ауылында жүргізілген су құбырының ұзындығы - 6,058 шақырым, жерасты 1000 м3 су қоймасы, сорғы стансасы және су сақтау қоймасы, оператор ғимараты, өрт гидранттары, қоршау, есепке алу торабы салынды. Су жинау үшін биік мұнара үстіне үлкен ыдыс орнатылған. Одан үйлерге, тұтынушыларға қарай тармақталған құбырлар жүргізілген.
Су құбыры – күрделі қондырғы. Оның көмегімен енді Бостан ауылының тұрғындары түгел ауыз сумен қамтамасыз етіліп, тұрмыстық қажетін қанағаттандыратын болады.
Қарақия ауданы әкімдігі