©
Мерейлі мереке Астана күніне орай аудандық балалар өнер мектебінде жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Астана - бақ ордасы елімнің» тақырыбында жас ақындар мүшәйрасына Маңғыстау ауданына қарасты ауылдардан он бес жас ақын қатысып, бақ сынады.
Сарыарқаның сайын даласын көркімен көмкерген Астанамыздың келбетін өлеңмен өрген жас қаламгерлердің еңбегін бағалауға ақын Бірғали Байекеев, Ағилаш Өмірова және Маңғыстау ауданы жастар орталығының басшысы Аллаберген Қонарбаев қазылық етті.
Жаздың жайдарлы мерекесіндегі додада бірінші орынды қызандық Н.Шалғынқызы, екінші орынды халыққа қызмет көрсету орталығының маманы Б.Тінәлі, үшінші орынды шетпелік А.Жаку иеленді. Шара соңында барлық жас ақындар ұйымдастырушылар тарапынан Алғыс хаттарға ие болды.
Өтестік жас ақын Рафхат Алмат: «Мен мүшәйраға алғаш рет қатысып тұрмын. Алдағы уақытта осындай шаралар жиі өтіп тұрса, нұр үстіне нұр болар еді. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Мерейлі Астанамыздың мәртебесі артып, көркейе берсін», - деді.
Айнұр АЛИЕВА, Жастар орталығының маманы