"Өрлеу" МҚК ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде Астана қаласының 20 жылдығына орай "Елімнің жүрегі – Астана" атты аудандық фотоколлаж байқауы өтті.
Қазақстанның болашағы өскелең ұрпақ бойындағы отансүйгіштік тәрбиені қалыптастыру, ару қаламызға деген мақтаныш, сүйіспеншілік сезімдерін ояту мақсатында өткізілген байқауға 23 талапкер қатысып, бақтарын сынады.
Байқау қорытындысы бойынша бас жүлде "Өрлеу" МҚК қызметкері Ж.Кенжееваға бұйырды. Фотолардың әсемдігі мен көркемдігі бірінен бірі асып түскендігі сондай, үш бірдей бірінші орын иегері марапатталды. Олар Шебір ауылынан келген Қ.Нәдірбек, ондылық А.Асанқызы, Тұщықұдық ауылының атынан қатысқан Н.Өтесінов болды. Екінші орынның жүлдесіне ие болған жыңғылдылықтар Г.Маратқызы, А.Кенжебек, А.Аманғалиқызы, Д.Бекмағанбетовалар байқауға ұсынылған шығармаларының көптігімен ерекшеленді. Е.Қорғанбай, Ә.Жолаш, А.Күзенбай, Д.Сырлыбек, А.Әбілхайырқызының еңбектері үшінші орынға лайық деп танылды.
Өз тілшіміз