©
Астананың 20 жылдығына орай маңғыстаулық бір топ азамат мерекелік медальмен және алғыс хаттармен марапатталды. Марапаттарды Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық драма театрында өткен салтанатты жиында Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов табыстады.
«Президентіміз Астананы әлемдегі бірліктің символына айналдырды. Бүгінде Елбасымыз бен Елордамыз егіз ұғым. Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктеріміздің бәрі бас қаламыздан бастау алады. Бейбітшілік пен татулықтың, бірлік пен берекенің ордасына айналған Астана арқылы бүкіл әлем тәуелсіз Қазақ елін таныды», - деп атап өтті өңір басшысы Ералы Лұқпанұлы.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Астана 20 жыл» медалімен марапатталғандарды арасында еңбек ардагелері Асылбек Айдаров, Шынабай Ақкенжеев, Құлжан Егізқараев, Қайролла Ережепов, Салиха Есжанова, Әлімғали Капуов, Іңірбай Көбеген, Есен Күмісқали, Орысбай Оразов, Айтуар Өтегенов, Әли Сахимов,Бердібек Тұрарбеков, Қойшыбай Үсенов бар. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысының ардагері С. Федорович, Мұнайлы аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Т. Әміров, А. Қартбай Ақтау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Жетібай ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы С. Сражанов, Форт-Шевченко қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Д. Сейбағытов, Форт-Шевченко қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Б. Таңғұлов, Түпқараған аудандық мәслихатының хатшысы А. Досанова, Маңғыстау аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А. Ертілеуов, «МАЭК-Казатомөнеркәсіп» ЖШС бас директоры Қ. Әбдрәсілов, «Аль-Фатима» қоғамдық қорының директоры К. Жақыпқызы, «Волна» Ақтау кондитерлік зауыты» ЖШС директоры Н. Карась та дәл осындай медальмен марапатталды.
Салтанатты жиын концерттік бағдараламамен жалғасты.