Шетпедегі Алшын Мендалыұлы атындағы орта мектеп жанындағы ашық спорт алаңында Маңғыстау аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 6 шілде – Астана күніне орай ауыл жастары арасында шағын футболдан турнир өтті. Аталмыш ашық турнирге ауылдың жастарынан құралған төрт команда қатысты.
Бір күнге созылған спорттық жарыс қорытындысында жүлделі бірінші орынды «Шетпе жастары» құрама командасы жеңіп алса, екінші және үшінші орындарды «Отпан» (Тұщыбек ауылы) және «Жасыл ел» құрама командалары иеленді. Ұйымдастырушылар тарапынан әртүрлі аталымдар бойынша арнайы жүлделер «Үздік шабуылшы» – Ербол Жұмахановқа, «Үздік қақпашы» – Бекболат Қуанышовқа, «Үздік ойыншы» – Даржок Ноянға, «Үздік қорғаушы» Дастан Қонысбаевқа берілді. Қатысқан және жеңімпаз командаларға заттай командаға арналған киімдер мен дипломдар табысталды.
* * *
Сондай-ақ Астананың 20 жылдығына орай Маңғыстау аудандық жастар ресурстық орталығының бастамасымен және Маңғыстау аудандық білім бөлімінің қолдауы мен аудандық жастар арасында ұлттық тоғызқұмалақ және шахмат, дойбы ойындарынан турнир өтті.
Жарысқа аудандағы ауылдардан 20-ға жуық жас қатысты. М.Мұқанов бас төреші болған жарысқа жастар белсене қатысып, ұлттық ойындар тартысты өтті.
Жарыстың мәресінде тоғыз құмалақ ойынынан жүлделі 1 және 2 орынды Жармыш ауылынан келген Сағадат Бікірбай пен Інжу Жұмажан, 3орынды Тұщықұдық ауылының тұрғыны Маржан Тимур иеленді. Дой бы ойынынан М.Тимур жеңімпаз атанып, 2 орынды өтестік Алмат Рафхат, 3орынды Қанаш Өмірәлі (Жыңғылды), шахматтан Ахат Лесов, Берік Нұрханов, Алмат Рафхаттар жүлделі үштіктен көрінді.
Жарысқа қатысқан белсенді жастар ынталандыру сыйлықтары мен алғыс хаттарға ие болды. Жарыс жеңімпаздарына грамоталар, медалдар мен кубоктар табысталды.
Еркебұлан ТӨЛЕПБАЕВ, Дүйсенбек ҚОЗБАҚОВ, жастар орталығының мамандары