"Астана күні мерекесінде 4100 және 4800 салмақпен дүниеге келген екі сәбиге ата-аналары Астана қаласының туған күні мен Елбасының құрметіне Нұрсұлтан есімін берді", - деп хабарлады Ақтау қаласының әкімдігі өзінің инстаграм парақшасында.
Ресми дерек бойынша, Астана қаласының 20 жылдық мерекесі күні Ақтау қаласында 31 сәби дүниеге келген. Олардың 18 облыстық перинаталдық орталықта дүниеге келсе, 13 бала қалалық перзентханада туылды. Босанған ана мен балалардың жағдайы тұрақты. Медицина қызметкерлерінің жіті бақылауында.
Халықтық мереке күні отбасында қуанышқа бөлеген жас аналарды Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Руслан Сәкеев пен Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Ниязов құттықтап, бағалы сыйлықтар табыстады.