©
Мен әлі Астананы көргенім жоқ. Естуімше Астананың қақ төріндегі Бәйтерек монументінде Елбасының қолының, яғни саусақ іздері мен аялы алақанының бедері түскен орын бар. Менің де арманым - Бәйтеректің биігіне шығып, Елбасының қолтаңбасына өз қолымды қойып, тілегімді айту. Менің бала тілегімнің ішінде ата-анамның амандығы мен еліміздің тыныштығы және Астананың гүлденуі ерекше орын алады.
Өйткені Астана – еліміздің жүрегі. Айтпақшы кеше түсімде Астанада жүр екенмін деймін.
Ол жердің сұлулығына тамсанып, қызығын тауыса алмай жүр екенмін. Биік ғимараттар, Ханшатыр, ЭКСПО көрмесі... осыларды аралап келеді екенмін.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Маңғыстауда жыл басынан бері 90 келі есірткі тәркіленген«Балапан» телеарнасына барыппын. Түрлі-түсті су бұрқақтарға қарап қиялдап кеткенмін. Бір уақытта Елбасымыз мені көріп, жанына шақырып алды. Ол кісі маған бата беріп: «Еліңнің қамқоры бол, Астананың дамуына ерекше үлес қосатын тұлға бол», - деді. Мен ұйқыдан қуанып ояндым. Мен осы түсімнің орындалатынына сенемін. Бүкіл әлемде Бейбітшілік қаласы деген атпен танымал менің Астанам мәңгі жас болып қаларына сенемін. Себебі мұндағы өзгерістер көз тоятындай. «Былтыр келген адам биыл танымай қалады» деген сөз есімде қалыпты.
Астана - еліміздің жүрегі, бейбітшілік тірегі. Жер жүзіне үлгі бола білген бас қалада оқып, білім алу, еліме еңбек ететін керекті мамандық иесі болып шығу - менің арманым.
Еліміздің жүрегі, Татулықтың тірегі. Жайнай берші, Астанам Бұл – ұрпақтың тілегі.Анар ӨТЕСИНОВА