©
Қадірлі қазақстандықтар, құрметті маңғыстаулықтар!
Сіздерді бейбітшілік пен бірліктің мекені Астана күнімен құттықтаймын!
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси көрегендігімен бас қала атанған, ажары кіріп, айбыны асқақтаған Астана еліміздің бойтұмарына айналды, тұрақты дамудың, өсу мен өркендеудің даңғыл жолына түсті. Елбасының стратегиялық бастамаларының арқасында бүгін де Астананы әлем таныды.
Елорда – бірлік пен берекенің белгісі, Отанымыздың телегей табыстарының айғағы, Қазақстан халқы қол жеткізе алатын шексіз мүмкіндіктердің үлгісі болды.
Асыл мұраттар мен биік мақсаттардың табыспен іске асырылуы елордамыз Астананың одан әрі өркендеп, кемелдене түсуі үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынына сеніміміз зор. Маңғыстау жұрты Елбасымыздың мән-маңызы зор бағдарламаларына әрқашан қолдау білдіріп, елордамызды, елімізді көркейте түсуге атсалысып, үлес қосуды үлкен абырой, міндет санайды.
Отанымыздың жүрегі – ару Астананың жұлдызы әрқашан жарық болсын! Астана – Қазақстанның зор қуаты мен бұла күші. Бұл – отандастарымыздың ізгі үміттері ақталып, бақыт жолына бастайтын арман қала.
Алдағы уақытта да Астана қайталанбас келбетімен, көз тартар сұлулығымен және ұшқыр жаңашылдығымен баршамызды қуанта береріне сеніміміз мол. Біз елордамыздың тарихымен, дәстүрімен, мәдениетімен және қайталанбас қолтаңбасымен мақтанамыз.
Мереке құтты болсын!
Игі тілекпен,
Маңғыстау облысының әкімі Ералы ТОҒЖАНОВ