©
Маңғыстау облысының Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары болып Аманғали Нұрдәулетов тағайындалды.
Нұрдаулетов Аманғали Сүлейменұлы 1981 жылы Ақтау қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-ды заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. Абыл Тарақұлы атындағы өнер мектебін, Маңғыстау облысының өнер колледжін, Ақтау қаласының шет тілдер колледжін бітірген.
Еңбек қызметін 2006 жылы Ақтау қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадр бөлімінің бас маманы қызметінен бастаған. Кейін Маңғыстау облысы бойынша Көші-қон департаментінің «Көші-қон саясатын жүзеге асыру жөніндегі бөлімінің» заңгері, "Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" ММ Мемлекеттік құқық бөлімінің басшысы қызметттерін атқарды.
2010 жылдың қараша айынан бастап «Мұнайлы аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде» бас маман қызметтерінде болды.
2011 жылдың тамыз айынан бастап Маңғыстау облысының Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының бас маманы болып қызмет жасады.
2012 жылдың қаңтар айынан бастап Төтенше жағдайлар министрлігінің Маңғыстау облысындағы "Суда құтқару қызметі" мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметін атқарды.
2013 жылдың сәуір айынан Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласының әкімі қызметінде.
2016 жылы Маңғыстау облысының Жастар саясаты мәселері басқармасының басшысы және Маңғыстау облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.
2018 жылы Маңғыстаудың 4 «Ең үздік мемлекеттік қызметшісі» қатарынан табылып, республикалық конкурсқа қатысты.
Сурет сайттың архивінен