Энергетика министрі тағайындалды
[ 2019 ] 18 желтоқсан, 18:22 | Жаңалықтар
Атырау облысының бұрынғы әкімі Нұрлан Ноғаев энергетика министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап. Жарлық Ақорданың сайтында жарияланды. Бұған дейін бұл қызметті Қанат Бозымбаев 2016 жылдан бері атқарған еді. Нұрлан Ноғаев еңбек жолын 1984 жылы Қандағаш станциясының электромонтері қызметінен бастады. 2006 жылы "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының атқарушы директоры болып жұмыс істеді. 2006 жылдан 2007 жылға дейін энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Мұнай өнеркәсібі департаментінің директоры болып жұмыс істеді. 2007 жылдың қыркүйек айынан 2010 жылдың сәуір айына дейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Кейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметінде жұмыс істеді (2010-2012 жылдар). 2012 жылдың қаңтар айынан 2016 жылдың наурыз айына дейін Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарды.
1912
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте
WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.