©
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасын халыққа кеңінен түсіндіру және оның жүзеге асырылу жолдарын баяндау мақсатында Маңғыстау облысына ҚР Парламенті мәжілісінің бір топ депутаттары келді. Облыс әкімі Ералы Тоғжанов Елбасы бастамасының игіліктерін жеткізуге келген Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаттары – Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Бақытгүл Хаменова, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Тарас Хитуов, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Ерлан Барлыбаев, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Ирина Унжаковамен кездесті.
Кездесу барысында Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов депутаттарға өңір дамуының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерімен таныстырып, алдағы нақты жоспарларын мәлім етті.
«Президент жолдаған бес әлеуметтік бастама халықтың әлеуметтік жағдайларын оңтайлы шешуге бағытталды. Бұл өңірімізді өркендете түсуге жол ашады деп ойлаймын. Бүгінде өңірдегі өнеркәсіп өндірісі қарқын алып, табыс көрсеткіштері молайды. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі жыл басындағы 96,9%-дан 100,1%-ға дейін өскен. Ал негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 82,2%-дан 101%-ға дейін артты. Құрылыс жұмыстарының көлемі 98,8%-дан 100,1%-ға дейін көбейген. Оның көлемі 2016 жылға қарағанда 17,6% өсімге жетіп, 833 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Облыс көлемінде барлық макрокөрсеткіштердің оң динамикасы өңірлік экономика өсімін 100% деңгейінде қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр. Елбасымыз айтқанда, көл-көсір мұнайдың дәуірі өтті, біздің негізгі байлығымыз – халық. Елдің игілігі жолындағы жұмыстарымыз Президенттің бес әлеуметтік бастамасымен жалғаса береді», - деді Маңғыстау облысының әкімі Е.Тоғжанов.
Кездесуде Мәжіліс депутаттары шағын және орта бизнесті несиелендіретін «Нұр Капитал» бағдарламасына қызығушылық танытты. Ералы Лұқпанұлы шағын несие беру бағытындағы басымдықтарды атап кетті.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Сыбайлас жемқорлық туралы«Сәуір айында 1%-бен несие беруді бастаймыз. Бағдарлама аясында 200-ге жуық бизнес-жоба қарастырылды. Біздің басты міндетіміз - қоғамдық сананы жаңғырту арқылы еңбек нарығын трансформациялау. Бұл аймақтағы бизнестің дамуына қуатты серпін береді. Біздің міндет - ең алдымен, жаңа өндіріс ашып, жаңа жұмыс орындарын құратын кәсіпкерлергежеңілдетілген несие беру.ШОБ дамыту бұл Маңғыстаудың одан әрі өркендеуіне кепілдік болмақ» деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.
ҚР Парламент мәжілісінің депутаттары іссапар аясында облыстың бірқатар аудандарын аралап, аймақ халқымен Елбасының бес әлеуметтік бастамасы жайында пікір-алмасу үшін ауқымды кездесулер өткізеді.
Жайық НАҒЫМАШ