Ақтау қаласындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау жұмыстары бәсекелестік ортаға берілген болатын. Бірақ, кәсіпкерлер арасында осы бағыттағы жұмысқа аса қатты қызуғышылық болмаған. Себебі, тариф бағасы 250 теңге деп бекітілген болатын, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Ақтау қаласы әкімдігіне сілтеме бере отырып.
- Бұл Республика бойынша ең төменгі көрсеткіш. Қоқыс қалдықтарын шығару тарифі мекеменің көптеген шығындарын ақтамай отыр. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, Ақтау қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару қызметі төмен болғандықтан шығар, кәсіпкерлердің қызығушылығы айтарлықтай белсенді емес (Алматы қаласында 553,04 теңге, Алтай ауданында 586 теңге, Қосшы қаласында 532,66 теңгені құрайды). Бүгінгі таңда жаңа тарифті 450 теңгеге бекіту бойынша құжаттар жинақталып, Әділет министрлігінен келісім алынды. Алдағы уақытта бұл қаулы Ақтау қаласының мәслихатына жолданатын болады. Бұл өз кезегінде тұрмыстық қатты қалдықтарды шығарумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің автопаріктерін жаңартуға және қызмет сапасының әлдеқайда жақсартуына мүмкіндік береді, - дейді Ақтау қалалық әкімдігінің мамандары.