Ақтау қаласының полиция басқармасына азаматша өзінің жасөспірім қызына қатысты азғындық әрекеттер жасаған азаматқа шара қолдану туралы өтініш білдірді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Аталған факт ҚР ҚК 124-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Қалған мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.
Бұл уақытта «Не молчи» қоры өз парақшасында күдіктінің каратэ бойынша жаттықтырушы екенін айтты. Сонымен қатар, балаға қатысты бірнеше ай бойы азғындық әрекеттер жасалғаны жазылған.