Маңғыстау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және кинологиялық қызмет орталығы қызметкерлері бірлесіп, «Қазпошта» АҚ филиалында арнайы қызметтік-іздестіру иттерінің көмегі арқылы келген және енді жөнелтілетін сәлемдемелерге тінту жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Іс-шараның мақсаты - контрабанда, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды пошта жөнелтілімдерімен жіберу арқылы заңсыз тасымалдау деректерін анықтау және жолын кесу.
Маңғыстау Облысының Полиция Департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жүргізілген профилактикалық тексерудің нәтижесінде күдікті заттар табылған жоқ.
Мұндай іс-шаралар полиция қызметкерлерімен апта сайын өткізіліп тұрады.