Ақтау қаласы бойынша сағат 12:00–15:00 аралығында «Қала жолдары» ЖШС жұмысшылары арнайы көліктердің көмегімен 2457м3 жаңбыр суын жинады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Күндізгі кезекшілікте автожолдарда жиналған суды алу жұмыстары мына мекен-жайларда жүргізілді:
- 16 ш/а "Инара" тұрғын-үй кешені маңы;
- №22 және №19 автомобиль жолдарының қиылысы, 19 ш/а 1 үй маңы;
- №7 автомобиль жолы, 14 шағынаудан 19 үй маңы;
- №22 автомобиль жолы, 32 «б» шағынаудан;
- №27 және №22 автомобиль жолдарының қиылысы, Сары базар;
- №3 автомобиль жолы, «Қазақтелеком» АҚ;
- № 16 және № 21 автомобиль жолдарының қиылысы, «Мирал» көлік жуу орталығы;
- № 3 автомобиль жолы, «Маңғыстау облысының әкімдігі»;
- №22 автомобиль жолы, 32 «в» шағынаудан «Шаңырақ» ТҮК;
- №3 автомобиль жолы, «Тамшалы» ТҮК аялдама маңы;
- 27 шағынаудан 49 үй маңы ішкі жол;
- №7 автомобиль жолы, 14 шағынаудан теңіз жағалауы;
- 17 шағынаудан Халық арена;
- №9 «г» автомобиль жолы, 27 шағынаудан «Көк базар»;
- №24 және №27 автомобиль жолдарының қиылысы, «Аяулы Ана» ТҮК;
- 17 шағынаудан «Грин парк» ТҮК;
- 14 шағынаудан «Астана» СҮ;
- 27 шағынаудан 47 үй маңы ішкі жол;
- 31 «а» шағынаудан Кеден;
- №18 автомобиль жолы, ЖУБР (Плакат);
- 32 «а» шағынаудан «Батыр» спорт кешеніне қарама-қарсы;
- 13 шағынаудан 40 үй;
- №3 автомобиль жолы, «Звезда Актау» маңындағы жаңбыр суы алынды.
Бұл жұмыстарға 74 жұмысшы, 6 мотопомпа, 1 бойлер автокөлігі, 8 газель автокөлігі жұмылдырылды.
Төтенше жағдайлар департаментінің 6 қызметкері, 1 өрт техникасы, 2 мотопомпа, ал «КЖСА» МКК-нен 1 бойлер автокөлігі жұмылдырылды.