Редакциямызға шағымданған оқырман жаңбырдан жауғаннан кейін 20 шағын аудандағы 29/1 үйдің іргетасы төменге түсіп, жертөлесіне су кеткенін айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ал соның салдарынан жер төледегі дүкеннің қабырғасынан су ағып, біраз қаражат жұмсап жасалған жөндеу бүлінген. Осылайша дүкен иесі шығынға батып отыр дейді оқырман.
- Нысанды дұрыс салмаған. Бір рет жаңбыр жауғаннан кейін іргетасы төменге түсіп, жертөлеге су кетті. Бұл олқылықты жөндеуге К7 құрылыс компаниясының өкілдері жауап қатпай отыр, - дейді редакциямызға шағымданған оқырман.