1 мамыр күні Айрақты массивіндегі 30 шаршы метр қоқыс алаңы жанып кетті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
“1 мамыр күні сағат 11:35-те Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, Айрақты тұрғын массивіндегі ашық алаңда жиналған қоқыстың жанып жатқаны туралы хабарлама түсті. Өрт шалған аумақ - 30 шаршы метр. Қосымша көмекке Мұнайлы ауданы әкімшілігі тарапынан 1 дана погрузчик автокөлігі жұмылдырылды. Сағат 15:35-те өрт толық сөндірілді”, - деп хабарлайды Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті.