Батыр ауылы Тамшалы шағын ауданынан жекеменшік балабақша салынып жатыр жатыр,- деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
75 балаға арнап салынып жатқан бөбекжай жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Бүгінде құрылыстың 50%-ы аяқталған.
Алдағы уақытта логопед, дефектолог мамандары жұмысқа тартылмақ. Осылайша жеке кәсіпкер 15 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.
- Қаражатыма жеке меншік 75 балаға арналған «Golden кids» атты балабақша салып жатырмын. Құрылыс жүргізіп жатқан мекенжайда бірде-бір балабақша жоқ. Ал халықтың балабақшаға деген сұранысы жоғары және қандастар жиі шоғырланған. Қазіргі таңда балабақша құрылысы қарқынды жүруде. Жоспарым бойынша балабақшаны 2022 жылдың қараша, желтоқсан айларында аяқтаймын деген ойым бар. Балабақшаны стандартқа сай, экспертизадан өткізу арқылы іске қосамын. Сонымен қатар балабақшадан логопед кабинетін ашу көзделіп отыр,- дейді жеке кәсіпкер Нұржан Базарбайұлы.