Ақтауда тірек қимыл аппараты зақымдалған мүгедек жас спортшылар арасында үстел теннисінен ҚР чемпионаты өтіп жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жарысқа әр өңірден келген 30-ға жуық спортшы қатысып жатыр. Алдымен қыздар мен ұлдар арасында жекелей алғашқы ойындар өтті. Ал бүгін жекелей ақтық ойындар бойынша қатысушылар бақ сынап, нәтижеге қол жеткізді.
Алғашқы күннің қорытындысы бойынша Маңғыстау облысынан жекелей ойында 9-сынып оқушысы Тұрдыбек Жидеғалиева, 5-сынып оқушысы Динара Тынымбай жүлделі 1-орынға ие болды. Арбада отырып ойнаған 5-сынып оқушысы Майра Салиева 2-орын алды. Абсолюттік кезең бойынша маңғыстаулық Тұрдыбек Жидеғалиев 3-орынды қанжығаға байлады. Аталған жеңімпаздарды Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жұмабаев марапаттап, құттықтады.
Енді ертең елдің түкпір-түкпірінен келген спортшылар командалық ойында бақ сынайды.