Жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес жиын өтетін орында оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін әскери техника Ақтөбе бекетінен Маңғыстау бекетіне дейін теміржол көлігімен тасымалданады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әскери техниканың қозғалысы сондай-ақ 15 тамызда да (дүйсенбі күні) іске асырылады. Алматы, Шымкент, Қонаев, Тараз, Талдықорған, Сарыөзек және Құландыдағы әскери бөлімдер орналасқан жерлерден әскери техника лектері жауынгерлік дайындық бойынша сабақтар өткізілетін Жамбыл облысы Гвардейск кентіндегі «Мәтібұлақ» полигонына қарай қозғалады.
Әскери техника лектерінің жүру бағыттары мен уақыты жергілікті атқарушы органдармен келісілген.