Жаяу жүргіншіні өткізбегені үшін жыл басынан бері 888 жүргізушіге әкімшілік хаттама жасақталып, 4 мыңнан астам жаяу жүргінші белгіленбеген жерден өтіп заң бұзған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Биылғы жылдың сегіз айында Маңғыстау облысында патрульдік полиция инспекторлары 62 582 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған. Оның ішінде ұялы телефонды пайдаланған – 6 459 жүргізуші, қауіпсіздік белдігінсіз көлік басқарған – 15 362 жүргізушіге хаттама жасақталған. ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 612-бабының барлық баптарын қоса есептегенде 4 939 жүргізуші жауапкершілікке тартылған. Бағдаршамның тыйым салынған түсінен 1061 жүргізуші өтіп, қарсы қозғалыс жолағына 80 жүргізуші шыққан.
Сондай-ақ, көлікті ішкілікті күйде басқарған 505 жүргізуші анықталып, аталған кодекстің 608-бабы бойынша жазаланды. Масаң күйде көлік тізгіндеушілер өткен жылмен салыстырғанда 17 пайызға төмендеген.