Акция 19 «а» шағын аудандағы Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасында өтеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Еске салайық, 16 қыркүйекте Қазақстан Республикасының барлық қалаларында бір уақытта «Халық заңгері» кең ауқымды республикалық акциясы өтеді.Заңгерлер мен мемлекеттік орган қызметкерлері тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, тегін кеңес береді.
«Халық заңгері» жалпыұлттық акциясын Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ZAKON.KZ интернет-басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік органдар, еліміздің жетекші заңгерлері мен адвокаттары ұйымдастырып отыр.