Маңғыстау облысындағы патрульдік полиция қызметкерлері Форт-Шевченко-Ақтау тас жолының 93/39 шақырымында «Лада 21713 138» маркалы автокөлігін тоқтатып, тексеру кезінде салмағы 33 келі 850 грамм 9 дана бекіре тұқымдас балық тәркіленді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аймақтық полиция департаментіне сілтеме бере отырып.
Одан өзге, 102 кезекші диспетчеріне Ақтау қаласындағы 26-шағын аудандағы үйлердің бірінде заңсыз бекіре сақталғаны туралы ақпарат түскен. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы жергілікті тұрғыннан салмағы 11 келі 3 балық тәркілеген.
Екі факті де Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы (сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлермен, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер немесе жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша тіркелді.