Негізі қала тұрғындарының қалжыңдап отыратын жағдайы жоқ. Кейбірі жұмысқа жете алмаса, енді бірі тізесінен су кешіп, ауласынан шыға алмай жүр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Облыс әкімдігіне қарсы орталық жолды, жағалаудағы жолдарды да су басқан. Сонымен қатар, шағынаудандардағы көптеген аулаларға да су жиналып қалды. Ал, қалалық әкімдіктің хабарлауынша, коммуналдық қызметтер түні бойы жұмыс істеп, суды сорғызған. Бірақ үлгермей жатыр. Өйткені жаңбыр кешеден бері жауып тұр. Синоптиктердің айтуынша, әлі де жауады.
Су басқан аулалар, үйлер, көшелер туралы фото, видеоларыңызды 87478136535 нөміріне жіберіңіз.