27.07.2022 жылы — 28.07.2022 жылы түнгі сағат 23:00 бастап, таңғы 06:00 дейін жаңбыр жаууына байланысты "Қала жолдары" ЖШС жұмысшылары жолдарда жиналған суды алу жұмыстарын күшейтілген режимде жүргізді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Су алынған жерлер:
- 17-шағынаудан Халық арена;
- 1-шағынаудан "Каспий стадион" маңы;
- 34-шағынаудан "Аяулы Ана" ТҮК;
- № 22 және № 19 автомобиль жолдарының қиылысы, 16 ш/а "Инара" тұрғын-үй кешені маңы;
- 31 "б" шағынаудан "Өрнек" ТҮК;
- 5-шағынаудан және 7-шағынаудан аралығы "Евразиялық банк" маңы;
- 14-шағынаудан "Астана" сауда үйі маңы;
- №7 автомобиль жолы, 14-шағынаудан мектеп маңы.
Бұл жұмыстарға 15 жұмысшы, 5 мотопомпа, 1 бойлер автокөлігі, 1 Газель автокөлігі жұмылдырылды.
Түнгі жауын-шашыннан 7223 м3 су алынды.
28.07.2022 жылы сағат 08:00–10:00 аралығында қосымша мәлімет бере отырып, жауын-шашын күшеюіне байланысты "Қала жолдары" ЖШС жұмысшылары күндізгі кезекшілікте автожолдарда жиналған суларды алу жұмыстарын жүргізуде:
- 17-шағынаудан Халық арена;
- 16 ш/а "Инара" тұрғын-үй кешені маңы;
- 14-шағынаудан «Маңғыстау облысының әкімдігі» маңы;
- № 18 автомобиль жолы, «Аққала мол» СҮ;
- 14-шағынаудан 46-үй;
- № 1 автомобиль жолы, 3-шағынаудан «Энергетикалық колледж»;
- № 1 автомобиль жолы, 12-шағынаудан 59-үй маңы;
- № 3 автомобиль жолы, 1-шағынаудан және 2-шағынаудан аралығы;
- № 1 автомобиль жолы, 8-шағынаудан «Рахат» СҮ;
- № 7 автомобиль жолы, 4-шағынаудан «Каспиан Ривьера» қонақ үйі;
- № 12 автомобиль жолы, 22-шағынаудан «Ер Қосай» СҮ;
- № 27 автомобиль жолы, 31-шағынаудан Мағаш базар;
- № 3 автомобиль жолы, 7-шағынаудан 12-үй маңы.
Сонымен қатар, 13-шағынаудан 24-үйдің алдында жаңбыр салдарынан 1 автокөліктің үстіне ағаш құлау фактісі тіркелді, дереу төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері құлаған ағашты алды.
Бұл жұмыстарға 35 жол жұмысшы, 6 мотопомпа, 1 бойлер автокөлігі, 3 Газель автокөлігі жұмылдырылды.
Төтенше жағдайлар департаментінен күндізгі аусымда жиналған суды алу жұмыстарына 20 қызметкер, 8 мотопомпа; "КЖСА" МКК-нен 2 бойлер автокөлігі жұмылдырылды.
Қазіргі таңда жауын-шашыннан 12 175 м3 су алынды.