Екпіндете құйған нөсерден Ақтаудағы такси ақысы шарықтап кетті,деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қолайсыз ауа-райын сылтауратып жолақыны тым көтермелеген жүргізушілердің іс-әрекетіне тұрғындар наразы.
- Бүгін 5-шағын ауданнан мына тұрған 8-шағын ауданға жету үшін 800 теңге төледім. Кері қайту үшін 600 теңге. Ал 5-шағын ауданнан 9-ға жету үшін 500 теңге бердім,-деп қынжылады Алмагүл есімді қала тұрғыны.