26 шілдеде Маңғыстау облыстық ТЖД-ға Бозжыра шатқалы маңында батып қалған туристер туралы ақпарат түсті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жауын-шашын салдарынан езіліп, балшыққа айналған шатқал маңында екі көлік батып, шыға алмай қалған. Онда Германиядан келген 10 турист болған.
Қонақтарды құтқаруға Маңғыстау облыстық ТЖД-ның 5 қызметкері мен 1 бірлік техника жіберілген.