Енді қаланың периметрі бойынша және Орталық жол бойында 120 шақырым суару жүйесі ауыстырылып, орнатылуы тиіс, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Тек орталық жолда ғана 40 ш су құбырын ауыстыру қажет. Осыдан кейін жүйе суаруды бастайды. Ертеңнен бастап осындай жүйе арқылы 1, 3 және 3А ықшамаудандардағы ағаштар суарыла бастайды.
— Қазір контейнер орнатылды, сорғылар орнатылып, суару басталады. Бұл желілер КЖСА-дан су алмайды, су тікелей жерасты суынан келеді, - деді Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Алпысбай Таубаев брифингте.
Әкімдікте 2020 жылы басталған суару жүйесі туралы да айтылды. Алайда одан нәтиже болмаған. Ауызсудың жетіспеушілігінен орталық жол бойында тұрған ыдыстар ешқашан толтырылмады. Өткен жылы Ақтау қаласы бойынша скверлер мен саябақтарға баратын 48 ш құбыр желісі жөнделді, оған қоса 7 ш демеушілер қаражаты есебінен әуежайға дейін салынды.