Ақтау қаласының әкімдігі көгалдандыруды бәсекелестік ортаға беру тәжірибесінен бас тартып, Green city компаниясымен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шартын жасасты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қазір компания қолданыстағы 78 пәтер иелерінің кооперативі мен мүлік иелерінің бірлестігінің 25-імен келісімшарт жасаған. Енді шағын аудандар ішінде ПИК-тердің өзі суарумен айналысатын болады. Қазірдің өзінде 7-шағын ауданда табысты тәжірибе бар.
«7-шағын ауданда 27 үй бар, екі суарушы жұмыс істейді. Олар үйлердің алдындағы ағаштар аптасына екі рет, ал артындағы көк аптасына бір рет суарылады. Судың құнын және суарушының жалақысын әкімдік келісім-шарт жасасқан компания өтейді. Орташа есеппен айына су үшін 400 мың теңге шығады", - деп хабарлады әкімдікте өткен брифингте.
Қалған аудандар су таситын көліктермен суарылатын болады. Қазір көліктердің саны 26, ертең тағы 10 көлік қосылады.
«Осы жылғы маусымда қаладағы ағаштар мен гүлдерді 18 рет суару қарастырылған, яғни айына 3 рет. Көшеттер мен гүлдер аптасына бір рет, ал айына үш рет суарылады. Біз ПИК-терге суару міндетін өзіне алуды ұсындық. Ал біз барлық шығынды өз мойнымызға аламыз. Бұған материалдар, құбырлар, есептегіштер, суару жұмыстары және көгалдандыру жұмыстары кіреді. Егер ПИК болмаса, тұрғын бізбен өз бетінше шарт жасағысы келсе, онда оның жеке кәсіпкерлігі немесе ЖШС болуы тиіс», - деді көгалдандыру жөніндегі компанияның басшысы Айбек Ерболеков.
Тұрғындар ағаштардың біртүрлі суарылғанына шағымданды. Компания судың «солға» тасымалданғаны жөніндегі фактінің расымен болғанын атап өтті. Бірақ бұл су тасымалдаушылардың жұмысшылары жұмыстан шығарылған.
«Бізде бақылау бар. Әр аумақтың өз шеберлері мен жауапты тұлғалары, яғни бақылаушылар құю пунктінен бастап барлық бағыт бойынша бар», - деп атап өтті Айбек Ерболеков.