Маңғыстау аудандық жастар орталығы жастармен өлкетану саяхатын өткізді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ҚКО-ға сілтеме жасап.
Саяхат Маңғыстау ауданындағы Ақмыш бағы, Шерқала тауына ұйымдастырылды. Экскурсиялық сапарға аудандағы түрлі салада жүрген белсенді, ерікті 60 жас барды.
- Шетпе ауылынан 20 шақырым жердегі бұл тарихи мекендер жастарға үлкен әсер қалдырды. Туған жердің тарихын біліп, өткен кездегі қиындықтар туралы мағлұматтар алды. Негізгі мақсат - тарихи орындарды аралау, көне қорымдарға тазалық жүргізу, жастарға патриоттық тәрбие беру, ата - бабаның ұрпаққа қалдырған ұлағатын ұғыну, үлгісін насихаттау, - деді шара ұйымдастырушылары.