Егер 2022 жылғы 15 қыркүйекке дейін салық төлеушілер бақылау-касса машиналарының бағдарламасын жаңартпаса, фискалдық деректер операторлары ондай бақылау-касса машиналарына техникалық қолдау көрсетпейді, деп mangystaumedia.kz Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап.
2022 жылы деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібіне (Салық кодексінің 166-бабына) өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.
Осыған байланысты, «Бақылау-касса машиналарын қолдану мәселелері бойынша» жұмыс тобы шеңберінде бақылау-касса машиналарының әзірлеушілерімен және фискалдық деректер операторларымен бірлесіп бақылау-касса машиналарымен ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді беру бойынша оператордың серверіне деректерді берудің бірыңғай Хаттамасы жаңартылды және бекітілді.
Осы негізде модельдері бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын барлық кәсіпкерлерге
2022 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде өздерінің жұмыс істеп тұрған бақылау-касса машиналарын қайта бағдарламалау қажет.
— 15 қыркүйектен бастап 2.0.2-тен басқа Хаттамаларға фискалдық деректер операторлары қолдау көрсетпейді! Осыған байланысты барлығына бақылау-касса машиналарын 2.0.2 хаттама нұсқасына дейін алдын ала жаңартуға кеңес береміз, — делінген департамент хабарламасында.