Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Оның айтуынша, КВИ-ге қарсы ревакцинация КВИ-ге қарсы алдыңғы профилактикалық екпеден кейін 6 ай аралықпен КВИ-ге қарсы вакцинацияның толық курсын және бұрын бірінші ревакцинацияны алған адамдарға жүргізіледі.
- Биыл 25 мамырдан бастап облыста «Комирнати» вакцинасымен КВИ-ге қарсы қайта ревакцинациялау жұмыстары жүргізілуде. КВИ-ге қарсы келесі контингенттер қайта ревакцинациялауға жатады. Олар медицина қызметкерлері, медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті мен персоналы, күш құрылымдарының қызметкерлері, педагогтар, пенитенциарлық (қылмыстық-атқару) жүйе мекемелерінің контингенті, 50 жастан асқан адамдар,-деді Ғазиз Надуев.
Бүгінгі күні қайта ревакцинация бойынша 4-ші дозамен 1176 адам егілген. Оның ішінде 1040 медицина қызметкері, 28 күш құрылымдарының қызметкері, 76 мұғалім, 50 жастан асқан адамдар – 9 және тағы басқа – 19. Жалпы 4-ші дозамен егуге жататындар саны - 7913 (соның 14,8 пайыз қамтылып отыр).
Брифинг барысында бас эпидемиолог дәрігер облыс тұрғындарын ревакцина алуға шақырды.
- ҚР-ның 12 жастағы және одан асқан кез келген азаматы «Comirnaty» (Pfizer) вакцинасын пайдалана отырып, вакцинация немесе ревакцинация ала алады. Вакцинация мен ревакцинацияны кейінге қалдырмаңыз. Өзіңізді және жақындарыңызды коронавирус инфекциясынан және оның салдарларынан қорғаңыз,-деді Ғазиз Надуев.
Қазір Маңғыстау облысы бойынша 26 емханада ревакцинация жұмыстары жүргізіліп жатыр.