Маңғыстау облысында шығу техникасымен 6 өрт сөндіру бекеті құрылды. Бұл туралы облыстық Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Жаңабаев айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
- Өрт сөндіру бекеттері Сенек ауылы, Ақшұқыр ауылы, Таушық ауылы, Боранкөл ауылы, Сай-Өтес ауылы, Тұщықұдық ауылында құрылды. Бұл 9 елдімекенде 76 000 мыңнан астам адамды қамтып, аумақты өрттен қорғауға және қамтуға мүмкіндік береді. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар кешені жалғасуда,- деді Нұрлан Жаңабаев.
Оның айтуынша, жыл басынан бері «101» және «112»-ге келіп түскен телефон қоңырауларына сәйкес, төрт жүзден аса авариялық-құтқару жұмысына жедел шығу жасалған. Департамент көмегімен Маңғыстау облысының ауылдық аудандарында табиғи өрттерге ден қою үшін 462 адамнан тұратын 38 ерікті өртке қарсы құрылымдар құрылды.
Департамент өкілі далада болатын өртке де тоқталып өтті.
- Мамыр айынан бастап өрт қауіпті кезеңде орманды-дала алқаптарында ғарыштық мониторингін жүргізу мақсатында табиғи өрттерге олардың таралуының бастапқы кезеңінде ғарыш түсірілімдерін алу үшін жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыштық мониторингі бойынша 4 млн теңгеге келісімшартқа отырдық («Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ). Департамент қолдауымен Бейнеу және Сам мемлекеттік мекемелері бойынша орманды өрттен қорғауды жетілдіруді қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар жоспары, сондай-ақ орман және дала өрттері туындаған жағдайда күштер мен құралдарды тарту жоспары әзірленді. Мамыр айында Бейнеу және Сам мемлекеттік орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемелерінің аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және жою бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өткізілді,-деді Нұрлан Жаңабаев.
Сонымен қатар азаматтық қорғау күштері, жергілікті полиция қызметі, орман мекемелері мен ЖАО қатарынан 6 мобильді топ құрылды. Қазіргі таңда 19 рейд жүргізіліп, 87 адамға нұсқама берілді. Рейд кезінде құқық бұзушылықтар анықталмады.