Маңғыстау ауданында жылжымалы медициналық кешен ауылдарды аралап, тұрғындарға көмек көрсетіп жүр. Жылжымалы медициналық кешенде педиатр, балалар неврологы, жүрек, мұрын, көз, құлақ, тіс дәрігері, акушер-гинеколог, терапевт мамандары бар. Бұл туралы МО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жылжымалы медициналық кешен осыған дейін Шебір, Қызан, Акшымырау ауылына барды. Қазіргі уақытта Тұщықұдық халқына көмек көрсетуде. Тұрғындардың сұранысына қарай ОАК - жалпы қан анализі, ОАМ - жалпы зәр анализі, БАК-қанның биохимиялық талдауы алынып, УДЗ мен ЭКГ-ге түсіру және оны оқу мүмкіндігі де қарастырылған. Бүгінде Шебір елді мекені бойынша 324 адам, 290 бала қаралып үлгерді. Ал Қызан ауылы бойынша 233 адам, 209 бала дәрігердің көмегіне жүгінді.
Айта кетейік, былтыр осы ауданға қарасты елді мекендердің 5114 тұрғынына медициналық көмек көрсетілді. 297 адамға диагностикалық зерттеулер жасалып, 4201 адамға лабораториялық зерттеу жүргізілді.