Бүгін «МӨЭК» АҚ құрамына кәсіпорын басшылығы, сондай-ақ кәсіпорынның 30 қызметкері мен кәсіподақ ұйымының өкілдерінен тұратын татуластыру комиссиясы өз жұмысын аяқтады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты кәсіпорынның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
МӨЭК» АҚ-да татуластыру комиссиясының отырысы төрт күнге созылды. Комиссия мүшелері санкцияланбаған наразылық акциясына қатысқан «МӨЭК» АҚ қызметкерлері қойған 6 талабын қарап шықты.
Ұзақ келіссөздер мен жұмыс қорытындылары бойынша комиссия барлық қызметкерлердің жалақысын 15% - ға көтеру туралы шешім қабылдады. Бұдан басқа, жұмыс беруші қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту бойынша бірқатар ұйымдастырушылық мәселелерді шешетін болды.
«МӨЭК» АҚ ұжымы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстанды» дамытуға бағытталған саясаты мен реформаларын толық қолдау туралы мәлімдеме жасады.
Сонымен қатар «МӨЭК» АҚ акционері өңірді дамытуға белсенді қатысатынын айта кетті. Жақын арада өңірде жастарға арналған ірі әлеуметтік нысанның құрылысы басталады.
Кәсіпорын баспасөз қызметінің айтуынша, бүгінгі күні кәсіпорын штаттық режимде жұмыс істейді, ешқандай іркілістер байқалмайды.