Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Асқар Сағымбаев хабарлады.
Оның айтуынша, бүгінде облыс бойынша короновируспен ауырған науқастарды емдейтін 9 стационар жасап тұр.
-Тұрғындарға инфекциялық 9 стационарда 280 төсек орын қызмет атқаруда. Стационарларда науқастар саны 10 ақпанда 64 адам болса, бүгінгі күні олардың саны 39 адамға, яғни 1,6 есеге дейін төмендеді (моб-26, одб-1, опц-0, жаңаөзен-2, жетібай-1, қарақия-0, түпқараған-2, маңғыстау-2, боранқұл-3, бейнеу-2), оның ішінде 3-і балалар. Оттегі көмегімен 21 науқас демалуда. Науқастардың орташа жасы 41 жалпы төсек орын толымдылығы 14%. Реанимациялық төсек саны 38, онда 7 адам емделуде, оның 3 ауыр, 4 қатаң жағдайда. Төсек орын толымдылығы 18% құрайды,-деді Асқар Сағымбаев.
Сонымен қатар, спикер өңіріміздегі ревакцинация жұмыстарына тоқталды. Өңір бойынша 21 емханада ревакцинация жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда 27 954 адам қайталап екпе алған, оның ішінде 5504 медицина қызметкерлері, 655 мемлекеттік қызметкер, 4241 күш құрылым қызметкерлері, 1515 өндіріс қызметкер, 1044 вахталық әдіспен жұмыс жасайтын қызметкерлер, 4505 педагог, 233 халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлері, 281 сауда кәсіпорын қызметкерлері, 32 БАҚ қызметкерлері, 239 жүкті әйел, қалғаны студенттер мен өзге де қызметкерлер. Ал, 600-ге жуығын 60 жастан асқан тұрғындар алған.