Мұнайлы ауданындағы Атамекен ауылындағы жолдардың жай-күйі көңіл көншітпейтіні баршаға мәлім. Осы өзекті мәселеге қатысты күні кеше облыс әкімдігінің телеграмм каналына елді мекен тұрғыны өз пікірін білдіріп, әкімдікке өтініш жазған болатын. Желі қолданушысы «Қаламқас» тұрғын үй массивінің жолдары нашар екенін айтып, ауылішілк жолдардың жаңадан салынуына көңіл бөлуді сұраған. Тұрғынның сауалына жауаптылар дер кезінде жауап беріп, аталған мәселенің шешілу барысы туралы хабардар етті,- деп хабарлайды Маңғыстау облысы қоғамдық коммуникация орталығы.
Жауаптылардың мәліметінше, Атамекен ауылы бойынша «Ару» мейрамханасынан бастап, «Шағала» тұрғын массивіне дейін ұзындығы 3,3 шақырымды құрайтын асфальт жолды қайта жөндеу үшін, 2022 жылға құрылысын жүргізу үшін бюджеттік өтінім берілген. Сонымен қатар, ауылішілік көшелерге 38 шақырымды құрайтын асфальт жол салу үшін жобалық сметалық құжатын жасақтауға қаржы бөлініп, тиісті жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Аталған 38 шақырымның ішінде «Қаламқас» тұрғын массиві қамтылған,- дейді Атамекен ауылының әкімі Нұрхан Мұстафаев.
СНХ: Ақсән Әбиева, МО ӘА «Қоғамдық коммуникация орталығы» КММ әлеуметтік желімен жұмыс бөлімінің маманы
-Бүгінгі таңда облыс әкімдігінің телеграм каналына 4041 сұрақ келіп түсті. Оның ішінде 4005 сұраққа жауап берілді. Қалған сауалдарға жауаптары дайындалу үстінде. Телеграмм каналға 9010 адам тіркелген. Облыс әкімдігінің телеграм каналы Маңғыстау облысы тұрғындарының кез-келген өзекті мәселені қозғап, жауапты мекеме өкілдерінен жедел түрде жауабын алатын алаңға айналған.