Финляндияның Хельсинки қаласында өткен әлем чемпионатында маңғыстаулық Ильдар Ягьяев белтемірге тартылудан чемпион атанды. Ол осыменен стритлифтинг бойынша 6 дүркін әлем чемпионы атанып отыр. Сондай-ақ Қазақстанның 100 жаңа есімінің жеңімпазы, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ильдар Ягьяев 96,5 келі салмақпен белтемірге тартылып, жаңа әлемдік рекорд орнатты. Маңғыстау облысы стрит воркаут және стритлифтинг Федерациясының президенті болып табылатын Ильдар Ягьяев өңірде осы спорт түрін дамыту жоспарымен бөлісті.
-Біздің негізгі мақсатымыз-өңірде стрит воркаут пен стритлифтингті кеңінен насихаттау. Осы мақсатта біз командамызбен тегін жаттығулар өткізіп, спортшыларға арналған түрлі шара ұйымдастырамыз. Енді демеуші тауып, Каспий теңізі жағалауынан Лос-Анджелестегі масл бич секілді жаттығу алаңын салуды жоспарлап отырмыз, деді Маңғыстау облысы стрит воркаут және стритлифтинг Федерациясының президенті Ильдар Ягьяев.
Айта кетейік, жарысқа әлемнің 20-дан астам елінен 200 атлет қатысты. Спортшылар 6 салмақ дәрежесінде бақ сынаған. Жалпы жүлде қоры 10 000 АҚШ долларын құрады.