© Фото Inform.kz алынды
Маңғыстаулық Армен Саакян «Junior Eurovision 2021» халықаралық ән байқауының Ұлттық кезеңінде финалға өтті, - деп хабарлайды mangystaumediа.kz сайты.
Іріктеу кезеңі онлайн өтті, яғни көрермендер жобаның ресми сайтында қатысушылардың өнерін тамашалап, онлайн дауыс берді. Осылайша 10 орындаушы үздіктер қатарында көрінді.
«Мен іріктеу кезеңінде «Самға» әнін орындадым. 24 364 дауыс жиналды. Осы ретте мені қолдап, дауыс берген көрермендерге алғыс айтамын», - дейді маңғыстаулық қатысушы Армен Саакян.
Армен Саакян бұған дейін бірнеше халықаралық, респубикалық ән байқауына қатысып, топ жарған. 2020 жылы "Бала дауысы" ұлттық балалар ән байқауының Гран-при иегері атанған.
Ал гала-концерт 6 қараша күні «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде өтеді. Дәстүр бойынша композиторлар орындаушыларға арнап ән жазып береді. «Junior Eurovision» Ұлттық іріктеу жеңімпазын әділ қазылар алқасының бағалауы және қазақстандықтардың SMS-дауыс беру нәтижелері анықтайды. Ұлттық іріктеу жеңімпазы Қазақстанның атынан 19 желтоқсан күні Парижде өнер көрсетеді.
Айта кетейік, «Junior Eurovision» байқауы елде төртінші рет өтіп жатыр.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА