Бүгінгі таңда кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өткен жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңесте, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес еліміздің стратегиялық дамуының негізгі басымдықтарының бірі екенін баса айтқан болатын.
Сыбайлас жемқорлық — мемлекетіміздің беделіне, демократиясына, ұлттық қауіпсіздігіне, экономикалық дамуына, адам құқықтарының сақталуына үлкен қауіп төндіріп, елдің және оның әрбір азаматының жалпы әл-ауқатын төмендетеді, мұның бәрі халықтың үкіметке деген сенімін жоғалтуға қауіп төндіреді.
Біздің елімізде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң қабылданғаннан бері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер дәйектілікпен жүзеге асырылуда.
Еліміздің президенті Қ.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында Сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресті жалғастыру қажет. Құзырлы агенттік жыл соңына дейін орта мерзімді кезеңдегі іс-қимылымыздың бағдарламасын айқындайтын стратегиялық құжатты бекітуге ұсынуы керек. Бұл ретте, «тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты» жоюға айрықша назар аудару қажеттігін тапсырды.
Сыбайлас жемқорлықтың, ең қауіпті түрі - парақорлық. Ең алдымен пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түпкілікті жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Пара беру де, пара алу да үлкен қылмыс болып саналатынын әрбір азамат түсінуі керек. Әрбір өркениетті қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын болмауы тиіс.
Осы орайда, қоғамымыздың дамуы үшін ар-ождан тазалығын сақтап, сыбайлас жемқорлықтан аулақ болып, онымен күресте барлық Қазақстан Республикасының азаматтары үлес қосуы тиіс.
Маңғыстау облысы бойынша қазынашылық
Департаменті басшысының орынбасары
Ж.Бердиева