Маңғыстауда облысында желдің жылдамдығы 15-18 м\с дейін күшейген. Бұл туралы «Қазгидрамет» РМК филиалы мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Мамандардың айтуынша, Маңғыстаудың оңтүстік-батыс аймағына антициклон әсер еткен. Бұл желдің күшеюі мен шаңды дауылға ықпал етеді. Қазір Ақтау гидромет станциясында орташа шаңды дауыл 2 км, желдің көлденең көріну қашықтығы 15 м\с-қа дейін күшейген. Осылайша желдің күші жақында жауған жаңбырды кептіріп үлгерді.
Ертең, 07 қазан күні күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, сондай-ақ облыстың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында 15-20 м/с күтіледі.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН