Биыл облыстағы мектеп оқушыларының саны былтырғымен салыстырғанда 8 мыңға артқан. Бұл туралы облыс әкімінің төрағалығымен өткен аппараттық жиында МО білім басқармасының басшысы С. Түлебаева айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қыркүйек айынан бастап өңірде 530 білім беру нысаны жұмысын бастайды. Оның ішінде 324 балабақша, 143 жалпы орта білім беретін күндізгі мектеп, 15 жекеменшік мектеп, 5 кешкі мектеп, 16 арнайы білім беру ұйымдары, 27 колледж бар.
Ақтау қаласындағы 34 және Шығыс-1 шағынаудандарында екі мемлекеттік мектеп ашылып, қаладағы үш ауысымда оқитын қос мектептің мәселесі толықтай шешілмек.
Сонымен қатар, Мұнайлы ауданынан 100 орындық жекеменшік мектеп ашылды. Ал, Ақтауда 670 орындық жекеменшік мектеп қараша айында іске қосылмақ.