Облыстық білім басқармасы басшысының айтуынша, биыл оқу жылында сабақ кестелері санитарлық нормаларды сақтай отырып құрылады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Оқушылардың қоңырау кезінде топтаспауы үшін сабақ арасындағы үзілістер мен асханаға бару уақыты әртүрлі уақытқа қойылды. Барлық білім беру ұйымдарында «Ashyq» бағдарламасы енгізілді», - деді С.Түлебаева.
Облыстағы жалпы мектеп педагогтарының 70,1% және техникалық қызметкерлерінің 52,4% коронавирусқа қарсы екпе алған.
Облыс әкімі жауапты азаматтарға бұл жұмыстарды әрі қарай жалғастыруды және күшейтуді тапсырды.
«Балаларымыздың қауіпсіздігі үшін мектептегі барлық мұғалім вакцина алуы тиіс. Дәрігерлер ұстаздар қауымына екпенің маңыздылығын түсіндірулері қажет. Мұны қала, аудан әкімдері бақылауда ұстасын. Балалардың денсаулығына біз тікелей жауаптымыз. Оны педагогтар жақсы түсінеді деп ойлаймын», - деді С.Трұмов.