109 бірыңғай байланыс орталығы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы саласына қатысты сұрақтарға жауап береді. 24/7 режімінде қызмет көрсетеді.
Орталыққа келіп түскен барлық өтініш зерделеніп, әрі қарай мәселені белгіленген мерзімде шешу үшін мемлекеттік органдарға, коммуналдық қызметтерге жолданады. Сонымен қатар, мамандар өтінімдердің орындалуы бойынша кері байланыс жасайды.
Облыс әкімінің орынбасары Бекбол Орынбасаров 109 коммуналдық-диспетчерлік қызмет орталығында болып, жұмыс барысымен танысты.
Бүгінде қаланың барлық коммуналдық қызметін бірыңғай байланыс орталығына қосу жүзеге асырылуда. Бұдан кейін жүйеге аудандарды сатылы түрде кезең-кезеңімен қосу жоспарланып отыр.
Аталған жұмысты одан әрі іске асыру мақсатында Бекбол Тілеумұратұлы Ақтау қаласының коммуналдық қызмет көрсетуші мекемелердің өкілдерімен жиналыс өткізіп, халықпен кері байланысты ұйымдастыру және келіп түскен сұрақтарға жедел жауап беру туралы бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Өтініштерді 109 бірыңғай нөміріне қоңырау шалу арқылы (Kcell, Activ, Beeline, Tele2,Altel абоненттеріне тегін) және “Smart Aktau” мобильді қосымшасын жүктеу арқылы жолдауға болады. Сондай- ақ, 109 бірыңғай байланыс орталығының әлеуметтік желілердегі парақшаларына тіркелу мүмкіндігі бар.
Instagram парақшасы: @aktau109.kz
Facebook парақшасы: @aktau109.kz
Сайт: www.aktau109.kz